Әлемдегі ең қарт адам көз жұмды

103 рет оқылды
0

Израильдің Хайфе қаласында тұратын әлемдегі ең қарт ер адам 113 жасында дүниеден озды. Бұл туралы The Haaretz хабарлады.

Исраэль Кристал 1903 жылдың қыркүйек айында Польшада туған. 1940 жылы Кристал фашистік Освенцим лагеріне тоғытылды, холокост кезінде ол әйелі мен екі баласынан айырылды. Кейін ол екінші рет үйленіп, 1950 жылы Израильге көшті. Ол кәмпит өндірісімен айналысты.

2016 жылы жапондық Ясутаро Коидэ қайтыс болғаннан кейін 112 жаста болған Кристал әлемдегі ең қарт ер адам деп танылды. Польшада Кристалдың жасын растайтын құжаттар табылғаннан кейін Гиннес рекордтар кітабы оны ұзақ өмір сүруші ретінде тіркеді.

Қазіргі уақытта ғаламшардың ең қарт адамы 117 жастағы Ямайка тұрғыны Вайолет Мосс Браун (Violet Mosse Brown) болып табылады.

 

 

comments powered by HyperComments