«Қазақфильм» облыстарда кастинг өткізеді

101 рет оқылды
0

«Қазақфильм» киностудиясының екі бірдей ауқымды жобалары – «Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігі» («Путь Лидера. В эпицентре мира») және «Тұмар патшайым» атты тарихи туындыларына кастинг әлі де жалғасып жатыр. Енді Қазақстанның Оңтүстік және Батыс облыстарының тұрғындары өз бағын сынап, кино жұлдызына айналуына мүмкіндіктері бар. Кастингке 16 жастан жоғары барлық қазақстандық қатыса алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың маусым айында жұмыс атауы «Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігі» және «Тұмар патшайым» атты киножобаларға актерлер арасында республикалық кастинг жарияланған болатын.

Бұл фильмдерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Sataifilm» кинокомпаниясымен бірлесіп түсіргелі отыр.

Қоюшы режиссері Ақан Сатаев.

Айта кетсек, аталған фильмдерге кастинг Қазақстанның шығыс өңірлерінде – Семей, Павлодар, Өскемен қалаларында өткізілген болатын. Жақын күндері кастинг төмендегі қалаларда өткізілетін болады:

Қостанай қаласында – 14 және 15 тамызда, І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында (Таран көш., 144).

Ақтөбе қаласында – 17 және 18 тамызда, Т.Ақтанов атындағы қазақ драма театрында (Т.Ақтанов көш., 52).

Орал қаласында – 20 және 21 тамызда, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры (Достық даңғ., 185).

Атырау қаласында – 23 және 24 тамызда, Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы (М.Өтемісов көш., 115).

Ақтау қаласында – 26 және 27 тамызда, М.Өскенбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы (5 ықшам-ауданы, 30 үй).

Қызылорда қаласы – 29 және 30 тамызда, А.Тоқмағанбетов атындағы Мәдениет үйі (Қазыбек би көш., 21). Тараз қаласы – 1 және 2 қыркүйек, Жамбыл облыстық қазақ драма театры (Абай даңғ., 115).

Шымкент қаласы – 4, 5 және 6 қыркүйек, Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры («Нұрсат» ықшамауданы, Астана даңғ.).

Театр және кино актерлері бірінші болып қабылданады. Кастингке қатысам деушілер көрсетілген мекен-жайға сағат 9:00-18:00 аралығында келуі тиіс (13:00-14:00 үзіліс).

 

comments powered by HyperComments