Грузия Қазақстанға қарызын қайтара бастайды

119 рет оқылды
0

Грузия 20 жыл бұрын алған мемлекеттік қарызын Қазақстанға төлеуді бастайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ермұхамет Ертісбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қыркүйектің басында Грузия Қазақстанға мемлекеттік қарызын төлеуді бастайды. 90-шы жылдардың орта кезінде, яғни 20 жыл бұрын 27,5 млн доллар қарызға берген едік. Ол кезде өзімізде қаржы тапшылығы орын алған, жағдай болатын», — деді ол ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, Грузия қарызды төмен пайыздық мөлшермен төлейтін болады. Бұл тұрғыда Париждік клуб кестесі назарға алынады, яғни аталған клуб дамушы едердің борышын қайта құрылымдаумен айналысатын бейресми үкіметаралық ұйым болып табылады. «2013 жылдың көктемінде аталған елге барған бойда, қарызды қайтартқызу мәселесін төтесінен қойдым. Осы ретте келіссөздер жүрді. Енді қарызды төмен пайызбен Париждік клуб кестесі бойынша төлейді», — деді Е.Ертісбаев.

comments powered by HyperComments