ЕҚЫҰ Қырғызстандағы сайлауға 350-ден астам бақылаушы жібереді

73 рет оқылды
0

ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқығы бюросы (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) Қырғызстандағы президент сайлауын бақылауға қысқа мерзімге 350 бақылаушы, ұзақ мерзімге 24 бақылаушы жібереді.

Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, бұл жайында ЕҚЫҰ ДИАҚБ-тың Бішкектегі бағдарламасының кеңсесінде айтқан.

ЕҚЫҰ-ға мүше елдерден баратын бақылаушылар Қырғызстан аумағындағы сайлау барысын бақылайды. Бұдан өзге, олар сайлау кезіндегі қырғызстандық БАҚ-тың жұмысын да қадағалайды.

ЕҚЫҰ-ның Бішкектегі өкілдігі Қырғызстан билігінің сұрауымен 2017 жылдың мамырынан бастап мәртебесін «ЕҚЫҰ орталығы» деген атаудан «бағдарламалық кеңсе» деп өзгерткен.

Қырғызстанда президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.

 

comments powered by HyperComments