Франция мэрі егеуқұйрық жеді

99 рет оқылды
0

Франциядағы Мон-де-Марсан қаласының мэрі Шарль Дайо бәстен ұтылып, ондағы шарттарды орындады, — деп жазады 101 Great Goals порталы.

Басылымның мәліметінше, қала мэрі ПСЖ мен «Барселона» командаларының Чемпиондар лигасындағы 1/8 финалына бәстескен.

Француздар 4:0 есебімен жеңіске жеткен соң Шарль Дайо Facebook желісіндегі парақшасында испаниялықтар жеңіске жеткен жағдайда егеуқұйрық жейтінін мәлімдеген.

Осылайша, жауапты матчта «Барселона» ойыншылары француздарды 6:1 есебімен жеңіп, қала мэрі Шарль Дайоға бәстің шарттарын орындауға тура келді. Қала мэрі уәдесін бүкіл елдің көзінше орындады. Егеуқұйрықтың қалай дайындалғаны әзірше белгісіз.
 

comments powered by HyperComments