Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы алты айда 672 мың тоннаны құрады

109 рет оқылды
0

 Қытайдың «Қорғас» теміржол станциясы арқылы Қазақстанмен жасаған импорт-экспорт көлемі 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 672 мың тоннаны құрады. Бұл туралы «Қорғас» станциясы басқармасының басшысы Ма Инон айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ма Инон мырзаның айтуынша, «Қорғас» станциясы Қытайдың «Цзинхэ-Инин-Қорғас» теміржолын Алтынкөл бағытындағы Қазақстанның теміржол желісімен байланыстырады. Станцияның құрылысы 2012 жылы қолға алынған және ол жылына 15 миллион тонна жүк өткізе алады. Алғашқыда станцияның құрылысына бөлінген инвестиция көлемі 1,93 миллиард юаньды құрады. Осы күні аталмыш бағыта арқылы тасымалданатын жүк көлемі арта түсуде. «2013-2016 жылдар аралығында Хоргос стансасы арқылы Қазақстан мен Қытай елдерінің арасында экспорт пен импорттың көлемі 1,35 миллион тоннаға жетті. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 672 мың тоннаны құрады. «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының арқасында Қытай елінің Еуропамен, Орталық Азияның бес елімен сауда-экономикалық байланысы нығая түсуде. Оның ішінде Қазақстан Республикасының алар орны зор. Екі ел арасында көліктік логистиканы дамытуға ерекше көңіл бөлінуде», деді Ма Инон.

comments powered by HyperComments