Орбұлақ шайқасы болған жерге ескерткіш қойылды

154 рет оқылды
0

«Туған жер» бағдарламасы аясында Алматы облысындағы Орбұлақ шайқасы болған жерге ескерткіш қойылды, деп хабарлайды 24.kz.

Салмағы жарты тонна тақтада «Қазақ елінің тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін жоңғар басқыншыларымен шайқаста жеңіске жеткен айбынды қазақ сарбаздарына ұрпақтары атынан!» деген жазу бар. Бұл осыдан төрт ғасырға жуық уақыт бұрын жоңғардың 50 мың әскерін 700 қолмен тоқтатқан қазақ сарбаздарының рухына бағышталған шара. Себебі мұндай жеңіс әлем тарихында болған емес.

Келер жылы Орбұлақ шайқасының 375 жылдығын ел болып атап өткелі отырмыз. Бүгінгі шара сол тарихи мән-мағынасы зор тойдың алдындағы тамаша сый болды дейді қонақтар.

Бексұлтан Нұржекеев, жазушы:

— Бұл ауызбіршіліктің жеңісі. Сол жеңіске, міне, 375 жыл толуы қарсаңында жастар жиналып келіп, мына белгіні қойып жатырмыз. Бабаларымыз риза болсын, солардың рухына біз ризамыз деген сөз. Келесі жылғы үлкен тойдың алдындағы бұл үлкен бір шара болды.

Рустам Алпысбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы: 

— Салмағы жарты тоннадай болады. Негізінен қаражат бұған бөлінген жоқ. Үнемделген қаражаттан ұйымдастырып отырмыз. Мақсаты да маңызы да өте ерекше, өте өзекті. Себебі қазіргі ақпарат заманында ақпарат кеңістігі осындай керекті ақпараттармен толығуы керек.

comments powered by HyperComments