Қанат Исламның Астанада кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

98 рет оқылды
0

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның Астанада кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, 9 қыркүйекте отандасымыз канадалық Брэндон Кукпен жұдырықтасады.  31 жастағы канадалық боксшы кәсіпқой бокста 18 жекпе-жек өткізген. Мұның барлығында да Кук жеңіске жеткен, тіпті 11-інде жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған. Соңғы жекпе-жегін ол отандасы Стивен Батлерге қарсы өткізіп, уақытынан бұрын жеңген еді. Алайда сол кезде жанкүйерлер оның басына мұз салынған шелек лақтырып, талдырып тастаған болатын.

comments powered by HyperComments