«Azala Cotton» ЖШС тоқыма иіру-ширату фабрикасы жұмысын бастады

78 рет оқылды
0

Еліміздегі тоқыма өндірісіндегі көшбасшылардың бірі — «OxyTextile» ЖШС-і  жұмыс аясын кеңейтті.  Бұл мақсатта «Azala Cotton» мен «OxyTextile» ЖШС-і  барлық мүліктік кешенін біріктіріп,  «Azala Cotton» ЖШС болып қайта құрылып отыр.

Айта кетейік,  «Azala Cotton» ЖШС фабриканың қызметін қайта жандандыру бойынша 2017 жылдың наурыз айында инфрақұрылым, құрал жабдықтар және өндірістік циклді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген болатын.

Қазіргі таңда қондырғыларды іске қосу жұмыстары аяқталды. Бүгінде  аталған кәсіпорында 300-ге жуық адам жұмыс істейді.  Жалпы, кәсіпорын жылына 6 мың тонна кардалық және таралған мақта иірім жіптерін өндіруге қауқарлы. Зауыт өнімдері  ТМД мен  алыс-жақын шетелдерге экспортталады деп жоспарлануда.  Жобаға тартылған жалпы инвестицияның көлемі — 5,4 млрд.теңгені құрайды.

comments powered by HyperComments