Қазақстан барлық араб елдерімен достық қарым-қатынаста

80 рет оқылды
0

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Біріккен Араб Әмірліктерінің Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Абдулрахман әл-Уэйсті қабылдады деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Кездесуде Президент Н.Ә. Назарбаевтың қаңтарда және наурызда Әбу-Дәби мен Дубайға жасаған сапарларының, сондай-ақ осы жылдың мамырында БАӘ сыртқысаяси ведомствосы басшысының Астанаға сапарының қорытындылары мән-мәтініндегі Қазақстан-Әмірліктер ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы талқыланды. Сұхбаттастардың пікірінше, екі мемлекетте де әріптестікті, оның ішінде көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдениет алмасу саласындағы әріптестікті одан әрі нығайту үшін кең мүмкіндіктер бар. БАӘ «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді түрде қатысуда және «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамытудағы өзара іс-қимыл өзекті маңызға ие болып отыр.

Сондай-ақ Катардың айналасындағы жағдай, ислам мемлекеттері ішіндегі перспективалық жақындасу, өңірлік шиеленістерді реттеу, сондай-ақ терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы пікір алмасылды.

Қ. Әбдірахмановтың пікірінше, Қазақстан БАӘ, Сауд Арабиясы мен Катарды қоса алғанда, барлық араб елдерімен достық қатынастар орнатты. Министр бауырлас елдер өз халықтарының игілігі үшін келіспеушіліктерді жеңетініне және диалог арқылы дағдарысты реттей алатынына сенімін білдірді.

 

comments powered by HyperComments