Қырғыз президенттігіне үміткер Қазақстанда сайлау кепіліне қаржы жинауда

122 рет оқылды
0

Қазақстанда қырғыз саясаткері, президенттіктен үміткер ретінде өтініш түсірген Адахан Мадумаровты қолдауға арналған марафон басталды. Белсенділер үміткер ретінде Орталық сайлау комиссиясына ресми тіркелу үшін төлеу қажет 1 млн сом (14 мың 480 АҚШ доллары шамасында) жинамақшы. Бұл туралы centralasian.org хабарлады. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафон Алматыда 14 шілдеде басталған. Қазақстанның басқа да аймақтарында жалғаспақ.

Хабарға қарағанда, бұл бастаманы Қазақстанда жүрген қырғыз мигранттары көтерген. Оған Мадумаровтың ешқандай қатысы жоқ.

Заңға сәйкес, ОСК-ге президенттікке үміткер ретінде тіркелу үшін сайлаушылардың 30 мың қолын жинап, мемлекеттік тілден емтихан тапсырып, 1 млн сом көлемінде кепілге ақша салу керек.

Қырғызстанда кезекті президент сайлауы 15 қазанда өтеді. Бүгінгі күнге дейін 29 адам өтініш түсірген.

comments powered by HyperComments