Кейбір қазақстандықтарға Түркияға кіруге тыйым салынды

79 рет оқылды
0

Түркия Қазақстанның 1914 азаматын қара тізімге енгізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Түрік Республикасының Ішкі істер министрлігінің ДАИШ-пен күрес туралы баяндамасында айтылады.

Баяндамаға қарағанда, бұл тізімге 146 елдің 53 781 азаматы кірген. Олардың лаңкестермен байланысы бар делінеді және Түркия арқылы қақтығыс аймағына кіріп кетуі мүмкін екені айтылады.

Сайтта 10 елдің азаматтары бар тізім келтірілген. Қазақстан 1914 азаматымен сегізінші орында тұр. Тізімде Сауд Арабиясының (7523), Тунистің (4605) және Ресейдің (4128) азаматтары көп.

 

comments powered by HyperComments