Аджика ағзаға зиян

138 рет оқылды
0

Грузияда шығарылған дәмдеуіштердің құрамында қорғасынның көлемі тым жоғары. Тамаққа қосатын бұл өнімді Нью-Йорк денсаулық сақтау департаменті өз тұрғындарының пайдалануына тыйым салды.

Ведомство өкілдері дәмдеуіштер адам ағзасына зиян деген қорытынды жасаған. Құлмақ, бозғалдақ, сван тұзы, аджика. Грузиннің ешбір тағамы осы дәмдеуіштерсіз әзірленбейді. Бұл – ғасырлар бойы келе жатқан дәстүр.

Фати Хизанишвили, аспаз:

– Біз барлық тағамдарымызға осы дәмдеуіштерді қосамыз. Онсыз тамақ дайындау мүмкін емес. Бұл өнімді Грузияға келген саяхатшылар үйлеріне кәдесый ретінде алып кетеді. Алайда бірнеше күн бұрын Нью-Йорктің денсаулық сақтау департаменті дәмдеуіштер ағзаға зиян деген мәлімдеме жасады. Бұл хабар шетелдік тұтынушылардың үрейін туғызды. Грузиндердің өздері де аң-таң. Сарапшылар дәмдеуіш құрамында қорғасын тым көп деген қорытынды жасады. Бұл металл жүйке жүйесінің зақымданып, қысымның жоғарылауына әкеп соқтыруы мүмкін. Жүкті әйелдер мен іштегі балаға да кері әсер тигізеді.

comments powered by HyperComments