Британдық көзінде 27 линза барын білмеген

88 рет оқылды
0
Ұлыбританияда офтальмолог науқас әйелдің көзінен 27 линза алды. Науқастың айтуынша, ол линзаларды шешуді ұмытып кеткен деп жазады The Mirror.
Негізі, науқас көзінен катарактаны алдыртуға келген екен. Тексеріс кезінде көз дәрігері көз алмасындағы көгілдір затқа көзі түседі. Сөйтсе әйелдің көзінде 27 линза қалып қойған. Бірінші тексерісте дәрігер 17 линзаны шығарып алды, екіншісінде қалған 10 линзаны алып тастады.
Науқастың айтуынша, көзінде осыншама линза бар деп ойламаған. Басылымның дерегі бойынша бір реттік линзаны 35 жыл бойы таққан екен. Көз дәрігері мұндайды 20 жылдық тәжірибесінде тұңғыш рет көріп тұрғанын мойындады. Науқас линзамен ұзақ уақыт жүргендіктен көздің ішкі қабаттарында ірің пайда бола бастаған.
comments powered by HyperComments