Алматыда полицейлер ұстау операциясын жүргізді

95 рет оқылды
0

Алматыда күш құрылымдарының қатысуымен ұстау операциясы жүргізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

«Бүгін түстен кейінгі уақытта Алматының Медеу ауданында ІІД жедел бөлімшесінің қызметкерлері қылмыс жасады делінген күдіктіні ұстады. Өзге мәлімет әзірше нақтыланбады», — деп хабарлады Әзірбек. Еске салайық, 12 шілдеде Алматы қалалық ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әл-Фараби даңғылындағы AFD plaza тұрғын үй кешенінің маңында есірткі сатумен айналысты делінген екі адамды ұстаған болатын. Олардан аса ірі көлемде наша тәркіленген.

 

comments powered by HyperComments