Шымкентте Төлешовтің соты басталды

126 рет оқылды
0

Шымкентте Тоқтар Төлешовтің соты басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бірнеше күн бұрын екі бірдей адвокаттың келмей қалуына байланысты Тоқтар Төлешовтің ісі бойынша сот отырысы кейінге шегерілген еді.

Төлешовтің адвокаты Мархаба Жақыпованың сөзінше, оған мәлімдемені дұрыс толтырмау, пара беру және тағы бірнеше экономикалық қылмыс бойынша айыптар қоса тағыламақ. БАҚ-тардың мәліметінше, Төлешовпен бірге 8 адам сот алдына келген, олардың үшеуі әйелдер. Олардың кейбірі сыра зауытының бұрынғы жұмысшылары, сонымен қатар ірі көлемде пара алды деп айыпталған мемлекеттік шенеуніктер де бар. Сот процесі ашық тәртіпте өтеді. Еске салайық, 2016 жылдың қарашасында Тоқтар Төлешов 21 жылға бас бостандығынан айырылған еді. «ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 4-бөлігі бойынша құқықбұзушылықтар жиынтығы қоса отырып, Төлешовті 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілсін. Заңсыз жолмен келген мүлкі толығымен тәркіленіп, өмір бойы басшылық қызметпен айналысуға тыйым салынады, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді», — деп оқыған еді үкімді судья Ербол Ахметжанов.

comments powered by HyperComments