Нью-Йорк егеуқұйрықтармен күреске 32 миллион доллар жұмсайды

118 рет оқылды
0

Нью-Йорк әкімшілігі егеуқұйрықтармен күреске 32 миллион доллар жұмсамақ. Бұл туралы қала мэрі Билл Де Блазио хабарлады.

ABC News хабарлауынша, қаржы орталық аудандар мен қаланың орталыққа жақын аудандарындағы жәндіктерді жоюға жұмсалады. Қыркүйек айында қоқыс салатын бесеттерді темір бактармен алмастырады. Сонымен қатар қоқыс жинайтын уақыт қатаң қадағаланады, қоқысты заңсыз тастағандарға айыппұл салынатын болады. Ескі үйлердің жертөлелеріне еден төселеді.

Ақпа айында дәрігерлер Бронкс аумағында егеуқұйрықтардан тарайтын сирек аурудуна екі адам көз жұмған.

comments powered by HyperComments