Дәрігерлер қайтыс болған науқастардың органдарын туыстарының рұқсатынсыз ала алады

310 рет оқылды
0

Дәрігерлер көз жұмған науқастардың ішкі ағзаларын жақындарының рұқсатынсыз ала алады. Мұны, тіпті, Денсаулық сақтау министрлігі қолдап отыр, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы. 

Ведомствоны басқарып отырған Елжан Біртанов трансплантация туралы заңға соңғы өзгерістер 7 жыл бұрын енгізілгенін еске салды. Сол кезде, қазақстандық хирургтарға шұғыл шешім қабылдау үшін осындай құқық берген еді. Министр заңға өзгеріс енгізудің қажеті жоқ деп есептейді. Себебі, отандық трансплантология кенже қалып қоюы мүмкін.

«Трансплантология ғылымы қарқынды дамып келеді. Мемлекет жоғары технологияларға мән беріп, қолдау көрсеткені көптеген адамдардың өмірін аман алып қалуға мүмкіндік береді. Қазір жүрек, бауыр секілді ағзалармен қатар, тіпті көздің мүйізгек қабығына да күрделі ота жасауға мүмкіндік бар. Трансплантологияны қоғамға үйреншікті етсек — қосымша ағзаға мұқтаж мыңдаған адамның өмірін аман алып қалуға болады», — деді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.

Халықаралық конгресс аясында дәрігерлердің дертті бастапқы кезінде анықтағаны үшін сыйақы берген де дұрыс деген пікір айтылды. Оған қоса, медицинадағы технологияның көмегі де сөз болды. egov.kz порталы арқылы дәрігер қабылдауына жазылу мүмкіндігін кеңінен халыққа түсіндіру керек екені айтылды.

comments powered by HyperComments