Оңтүстік Кореяда тұңғыш әйел Сыртқы істер министрі

136 рет оқылды
0

Оңтүстік Корея тарихында сыртқы істер министрі қызметін тұңғыш әйел атқаратын болды.

Бүгін Сеулде Кан Гён Хваның осы лауазымға тағайындалу рәсімі өтті. Кан Гён Хва 1955 жылы Оңтүстік Кореяда дүниеге келген.

Әкесі «Америка дауысы» радиоарнасында жұмыс істегендіктен, жастық шағында АҚШ-та тұрып, Массачусетс университетінде саяси дипломатия мамандығы бойынша оқу бітірген.

2001 жылдан БҰҰ-дағы мәнсабы басталды. 2013 жылы БҰҰ Бас Хатшысының гуманитарлық мәселелерді үйлестіру бойынша аға кеңесшісі, ал былтыр қазан айында жоғарғы саяси кеңесшісі болып тағайындалған.

comments powered by HyperComments