Омбудсмен Денсаулық сақтау министріне үндеу жолдады

127 рет оқылды
0

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров денсаулық сақтау жүйесінің интернаттық мекемелерінде тәрбиеленіп жатқан балалардың жағдайы туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің атына үндеу жолдады.

Еске сала кетейік, Омбудсмен бұл үндеуін Астана, Алматы қалалары, Қостанай, Қызылорда және Атырау облыстарындағы балаларға арналған мамандандырылған медициналық мекемелерге бару қорытындыларына орай жариялап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үндеуінде Омбудсмен балалардың құқықтарын қорғауды жетілдіру бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың, қалалар мен облыстардағы денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жүргізіп жатқан жұмысын атап өтті. Сонымен қатар, Үндеуде мониторинг барысында өмір бойы осындай мекемелерде қалуға душар болатын тастанды және дене, ақыл-ой ауытқулары бар ауру балалардың тұрақты арту тенденциясы атап өтіледі.

Сондай-ақ, осындай балаларды асырап алу және отбасыларға орналастырудың баламалы нысандарын қолдану тәжірибесі (патронаттық тәрбиеге, қамқорлыққа және қорғаушылыққа беру) Қазақстан азаматтарынан байқалмайтынына назар аударылды.

Мамандардың пікірінше, мұндай тәжірибенің дамымауы қазақстандық қоғамның оларды жанашыр және патронатты қабылдауға дайын болмауынан емес, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу тәжірибесінің жеткіліксіздігіне қатысты еңсерілмейтін қаупіне қатысты болып отыр. Паллиативті науқастардың белгілі бір пайызына қарамастан, осы мекемелердегі балалардың басым көпшілігі әлеуметтендіру процесіне толық қатыса алады.

Бұдан бөлек, үндеуде Омбудсмен шет мемлекеттедің оң тәжірибесін мысал ретінде көрсетеді. Онда көрсетілгеніндей, шетелде денсаулығында елеулі проблемасы бар балаларды асырап алу процесінің кең таралғаны соншалықты, олар ел ішінен бөлек, шетелден де балалар асырап алып жатыр. Мысалы, Испания азаматтары жылына Ресейден 40-қа жуық мүгедек баланы, Италия — 35, Германия — 20, Франция -10, АҚШ азаматтары Ресейде тиісті мораторий енгізгенге дейін — 100 баланы асырап алған.

comments powered by HyperComments