Тәжікстанның 830 азаматы Польшадан баспана сұраған

170 рет оқылды
0

Еуропалық одақтың Евростат статистикалық агенттігі ЕО-ға мүше елдерден баспана сұраушылардың мәліметін жария етті. Олардың ішінде Тәжікстанның 830 азаматы немесе 8 пайызы Польшадан пана сұраған.

2014 жылы Еуроодақ елдеріне кетуге сұраныс бергендер саны 105 болса, 2015 жылы Тәжікстандағы Исламның жаңаруы партиясына тыйым салынғаннан кейін, бірден өскен.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, Тәжікстаннан Еуропаға қашқандардың көбі Ислам партиясының жақтастары. Қазіргі уақытта Польшаның қанша тәжікстандыққа саяси баспана бергені белгісіз.

Варшавадағы Адам құқықтары жөніндегі Хельсинкий қоры Польша билігі баспана сұраған тәжікстандықтардың денінің арызын кері қайтарғанын айтады. Олардың кейбірі кейін Германияға барған. Ол жақтан да кері жауап алған.

Тәжікстанда Еуропаға кетушілердің дені экономикалық жағдаймен кетіп жатқанын, елде оларды ешкім қудалап жатпағанын айтады.

 

comments powered by HyperComments