Кабулда жерлеу рәсімі кезіндегі жарылыс 18 адамның өмірін қиды

140 рет оқылды
0

Ауғанстан астанасы Кабулда жерлеу рәсімі кезінде үш жойқын жарылыс болып, 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz. 

Оқиға осы елдің сенат төрағасы орынбасарының ұлын жерлеп жатқанда болған. Марқұм наразылық шеруінде қаза тапқан еді.

Аталған ереуіл Кабулда сәрсенбі күні 100 адамның өмірін қиған лаңкестік әрекетке қарсылық ретінде өткен болатын. Наразы жұрт президент пен атқарушы билік құрылымы жетекшілерінің отставкаға кетуін талап етті. Тұрғындар оларды зорлық-зомбылықты тоқтатуға қабілетсіз деп айыптады. Тәртіп сақшыларымен болған қақтығыста 5 адам көз жұмып, 11 адам жарақаттанған. Арасында 8 жасар бала да бар.

 

comments powered by HyperComments