Сотталғандар жұмыспен қамтылуда

160 рет оқылды
0

Атырау қаласының прокуратурасы шартты түрде сотталғандар мен мерзімінен бұрын босап шыққан тұрғындарды жұмыспен қамтуға атсалысып жатыр, деп хабарлайды 24.kz

Қалалық әкімдіктің қаулысына сәйкес, жергілікті мекемелер мен кәсіпорындар бос жұмыс орындарының 1%-дық квотасын пробациялық қызметте есепте тұрғандарға ұсынуы тиіс. Прокуратураның бастамасымен осы мақсатта қалаға қарасты 136 мекемеге арнайы хат жолданған. Нәтижесінде оның 60-қа жуығынан оң жауап келіп, 21 мекеме бос жұмыс орындарын ұсынатынын мәлімдеген. Алдағы уақытта тағы 38 мекеме бос жұмыс орындарын жариялауды көздеп отыр. Атырау қаласы бойынша бүгінгі күнге 498 адам пробациялық қызметте есепте тұр екен. Олардың 60-қа жуығы өз күштерімен жұмысқа тұра алмаған. Қала прокурорлары аталған квота бойынша осы аптада 12 адамды еңбекпен қамтыды. Енді қалған тұрғындардың да тұрақты жұмыс табуына ықпал етеді.

Нұрлыбек Келдіғалиев, қала тұрғыны:

— Басында қиын болды. Мені кеше «Теңізге» шақырды, ал мен жұмысқа кіріп кетіп едім.

Мейрамбек Қожамбетов, қала тұрғыны:

— Сотталу болды, жұмысқа кіре алмай жүрдім. Сосын осы жақтан хабарласып, жұмысқа алды. Рақметімді айтамын.

comments powered by HyperComments