Қазақстан Елтаңбасының стандарты өзгерді

222 рет оқылды
0

ҚР Елтаңбасының стандарты өзгерді. Рәмізді жасау кезінде ескерілуі тиіс жаңа ережелер Астанада Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Қазақстан Елтаңбасының жаңа сандарты таныстырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 

Жаңа стандартты Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековтің өзі таныстырды. «Елтаңба 1992 жылы қабылданды, сондықтан оның мемлекеттік деңгейде бекітілген параметрлері өзгермейді», — деді ол.

«Стандарттарға келетін болсақ, Елтаңбаны құрайтын 40 бөлікке нақты атау беріліп, мазмұны айқындалды. Оның толық тізімін менің орыс және ағылшын тілдерінде жарияланған кітабымнан көруге болады. Енді Елтаңба жасайтын өндірушілер қолдан емес, дизайнның электронды орындалуын қолданулары тиіс».

Оның айтуынша, әсіресе бұл Елтаңбаның түсіне қатысты болып отыр. «Егер осының барлығын қолмен істесе, Елтаңба стандартқа сай келмейді. Ондағы «Қазақстан» сөзі қазір анығырақ жазылған. Қанатты пырақтар мен жұлдыз айқын көрініп тұратын болды. Кейбір элементтердің мазмұнын айта кетейін. Мысалы, Шаңырақ жеке бір элемент ретінде қаралмауы керек. Бұл киіз үйдің үстінен қарағандағы көрініс. Шаңырақтан шапшыған нұр — Қазақстан xалқы Ассамблеясының символы. Олардың саны 72 болуы тиіс», — деп атап өтті Мәлібеков.

Жаңа стандарттар еліміздің Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналып отырғанын айта кетейік.

 

comments powered by HyperComments