Балмұздақтан 300 адам уланды

265 рет оқылды
0

 15 мамырда Өзбекстанның Әндіжан облысы Шахрихан ауданында екі жүзге жуық адам балмұздақ жегеннен кейін ауруханаға түскен. Қала әкімшілігінің айтуынша, адамдардың қолдан жасалған балмұздақтан уланған. Бұл туралы centralasian.org хабарлады. 

Әндіжан облысы денсаулық сақтау басқармасының қызметкері кемінде 300 адам балмұздақтан уланғанын айтады. Жергілікті тұрғындар болса 600-дей адам уланды деп есептейді. «Сейсенбі күннің екінші жартысына дейін ауруханаға 182 адам түсті», – деді жергілікті шенеуніктің бірі.

Шахрихан ауданының Икромжон есімді кәсіпкері балмұздақтан уланған адамдарға қатысты түрлі сөздер тарап кетті, тіптен адамдар өліп жатыр деп те хабарлады дейді. «Орталық аудандық аурухана уланған адамдармен толды. Облыс әкімі Ташкенттен келген шенеуніктермен бірге әкімшілік ғимаратынан штаб ашты», – деді кәсіпкер.

Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі теріске шығарды. Оның сөздерінше, адам шығыны жоқ, жағдай шешіліп жатыр.

Қалаға денсаулық сақтау вице-министрі, мемлекеттік бас санитарлы дәрігер Сайдмурад Сайдалиев бастаған бір топ дәрігерлер келген. Қала әкімшілігі қала бойынша балмұздақ сататын нүктелерді тексеріп жатыр деп хабарлады.

comments powered by HyperComments