Елорда ғимараттарына жеке QR-код берілді

169 рет оқылды
0

Бұл жаңашылдық шұғыл қызметтерге, таксистер, курьерлер мен пошташыларға қажетті тұрғын үйлерді іздеп-табуға көмектеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Астанада бұрын бекітілген ақпараттық аншлагтарды QR-кодтары мен әріп-цифрлы пошта индекстері бар жаңаларына ауыстыру жұмыстары басталды. Аншлагтар біртіндеп ауыстырылатын болады. Әуелі жаңаланған тақтайшалар негізгі көшелерде орналасқан ғимараттарға ілінеді, уақыт өте елорданың бүкіл аумағы қамтылатын болады. Көрсеткіштер пошта индексінің жаңа жүйесінің енгізілуіне байланысты ауыстырылуда. Ол бойынша пошта индексі енді әр ғимаратқа жеке беріледі. Бұдан былай әр ғимаратқа жеке QR-код берілуіне байланысты, тіпті көшелердің атауы мен үйлердің нөмірі өзгеріп жатса да индекс өзгеріссіз қалады. Жаңа әріп-цифрлы пошта индексі жеті символдан тұрады. Біріншісі облысты, келесі екеуі — қала/облыс ауданын, қалған төрт символ — ғимараттың өзін білдіреді. Қазіргі сәтте Астанадағы әрбір ғимаратқа жаңа пошта индексі берілген. Оны post.kz/postcode сайтынан білуге болады.

 

comments powered by HyperComments