ЭКСПО-ға Нобель сыйлығының төрт иегері келеді

162 рет оқылды
0

Нобель сыйлығының иегерлері EXPO көрмесі аясында өтетін 19-20 маусымдағы Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар конгресіне қатысатынын мәлімдеді. Бұл туралы wsec.kz сайтына сілтеме жасап 24.kz хабарлады. 

«Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асыру әдістері» тақырыбында өтетін бұл жиынға әлемнің 50 елінен 1000-ға жуық делегат қатысады деп күтіліп отыр.

Сондай-ақ Нобель сыйлығының төрт иегері Чунг Рэй Квон  (Rae Kwon Chung), Мохан Мунасингхе (Mohan Munasinghe), Ражендра Кумар Пачаури (Rajendra K.Pachauri), Данкан Майкл Холдейн (Duncan Haldane) келеді.  Бұл шара тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

comments powered by HyperComments