Үшарал-Достық жолы салынады

156 рет оқылды
0

Алматы облысы аумағындағы Алакөлге жаңа жол  құрылысы осы жылы басталады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметіндегі баспасөз мәслихатында еліміздің инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылы Үшарал-Достық жолының құрылысын бастаймыз. Бұл Алакөлге қарай баратын жол. Жалпы, жыл сайын 500 мың адам, оның ішінде Алматы облысының тұрғындары да Алакөлге барады. Жаңа жол салып, Үшарал әуежайының жағдайын жақсарту арқылы аталған  шипажайдың туристік әлеуетін жақсарта түсе аламыз деп жоспарлаудамыз. Дәл осындай жоспарларымыз Түркістан, Бурабай, Шығыс Қазақстан облысының шипажай аймақтары бағытында да бар», — деді министр. Айта кетейік, Алакөл — тұзды, ағынсыз көл. Ол Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасында орналасқан. Көлдің оңтүстік-шығыс жағында Жоңғар қақпасы бар. Батыс жағында Көктума ауылы қоныс тепкен. Ол қазақ-қытай шекарасынан 80 шақырым жерде жатыр. Шығысында  Қабанбай ауылы. Бұл ауыл дамыған туристік инфрақұрылымымен ерекше, Қабанбайдың шығысында 15 шақырым жерде Барлық-Арасан шипажайы бар. Алакөлде шипажай демалыс орындарының орналасуының  себебі — суы минералдарға бай. Су құрамында Менделеев кестесі элементтерінің көбі кездеседі, құрамы жаңғынан Қара және Өлі теңіздерге ұқсайды.

 

 

comments powered by HyperComments