Сөз бостандығына шектеу көп

209 рет оқылды
0

«Шекарасыз тілшілер» (RSF) халықаралық ұйымының әлемдегі сөз бостанды жайындағы 2017 жылғы рейтингі жарияланды деп хабаралады Qazaq times.

Бұл рейтингте Қазақстан сөз бостандығы жағынан 2016 жылмен салыстырғанда 160-шы орынан 157-ші орынға көтерілген. Алайда «Шекарасыз тілшілер» ұйымының айтуынша «бұл көрсеткіш бір жыл ішінде Қазақстанда журналисттерге қысым жасалмады деген сөз емес. Бұл өзге елдерде де сөз бостандығына шектеу қою көбейгеннің белгісі» дейді.

«Шекарасыз тілшілер» (RSF) ұйымының зерттеуінше Қазақстанда 2013 жылдан бері тәуелсіз газет, журналдар, сайттар, блогерлерді қудалау жұмысы жалғасып келеді. Бұрын Қазақстанда тәуелсіз журналисттерді ұрып, соғып қорқыту фактілері көп тіркелсе, қазір миллиондаған теңге айыппұл салу арқылы тәуелсіз БАҚ-тың дамуына кедергі жасау фактілері көптеп кездеседі.

«Шекарасыз тілшілер» (RSF) рейтингінде Орталық Азия елдернен Қырғызстан-89 (2016 жылы 85), Тәжікстан-149 (2016 жылы 150), Қазақстан-157 (2016 жылы 160), Өзбекстан-169 (2016 жылы 165), Түркіменстан-178 (2016 жылдан бері өзгеріссіз), Ресей 148-ші орындарға жайғасқан.

Ал демократияның қайнар көзі саналатын АҚШ-тың өзі бұл рейтингте 43-ші орында. «Шекарасыз тілшілер» (RSF) халықаралық ұйымы бұл рейтингті 2002 жылдан бері әлемнің 180 еліндегі бұқаралық ақпарат құралдарының даму жағдайларын салыстырып жасап келеді.

 

comments powered by HyperComments