Бішкекте Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің жиыны басталды

155 рет оқылды
0

Бішкекте бүгін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің жиыны басталды. «Ала-Арча» резиденциясында өтіп жатқан жиынға Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше елдер — Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей президенттері қатысуға келген. Президенттер әуелі жабық түрде кездеседі.

Жиын қарсаңында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Молдова президенті Игорь Додонмен кездесті. Бұған дейін ресми дереккөздері бүгін Молдоваға ЕАЭО-ға бақылаушы мемлекет мәртебесін беру мәселесі қаралуы тиіс екенін хабарлаған. Бұдан соң кеңейтілген жиынға ЕЭАО елдері мен Молдованың президенттері қатысады.

Биыл ЕАЭО-ға Қырғызстан төрағалық жасайды. Алмазбек Атамбаевтың ұсынысымен 2017 жыл Еуразия кеңістігінде бизнесті дамытуға қолайлы жағдайлар туғызуға арналады.

Бүгінгі жиын барысында президенттер ЕАЭО аясында экономикалық өзара іс-қимыл, халықаралық ынтымақтастық және интеграция мәселелерін талқылайды.

Бішкекке Армения президенті Серж Саргсян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон, Ресей лидері Владимир Путин, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев және

comments powered by HyperComments