Головкин мен Джейкобстың сыйақысы белгілі болды

222 рет оқылды
0

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық  Геннадий Головкин мен дәл осы салмақта WBA (Regular) белбеуінің иегері америкалық Дэниел Джейкобстың жекпе-жек үшін қанша көлемде сыйақы алатыны белгілі болды.

Қазақстандық боксшы осы айқас үшін 2,5 миллион доллар алса, Дэниел Джейкобсқа 1,75 миллион доллар  көлемінде беріледі. Бұл жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы түрде (РРV) көрсететін болады. Сонымен қатар, РРV жүйесі бойынша түсетін қаржының да бір мөлшері боксшыларға тиесілі.

Қос боксшы кеше айқас алдындағы соңғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Геннадий Головкин қарсыласынан 9 грамм жеңіл болып шықты. Отандасымыздың салмағы 159,6 фунт (72,39 кг) болса, Дэниел Джейкобстың салмағы 159,8 фунт (72,48 кг) болды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Елімізде бұл бокс кешін «Қазақстан» мен «KazSport» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.

comments powered by HyperComments