50 еуролық банкнот айналымға шықты

205 рет оқылды
0

4 сәуірден бастап номиналды құны 50 еуролық жаңа банкнот айналымға шығарылады, деп хабарлайды 24.kz.

Еуропаның орталық банкі ескі ақшаны алмастыру шешімін былтыр маусымда жария еткен болатын. Өйткені дәл осы 50 еуролық банкнотпен алаяқтық әрекеттер жиі жасалады екен. Алдағы уақытта банкноттың 5 миллиард данасы басып шығарылуы тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Еуропаның орталық банкі номиналды құны 100 және 200 еуролық банкноттар да жаңасына алмастырылады деп жария еткен еді. Олар алдағы жылы айналымға шығарылады.

comments powered by HyperComments