Қазақстанның ең үздік тележобалары анықталды

181 рет оқылды
0

Кеше Астанадағы «Қазмедиа» орталығының концерт залында «Тұмар» І ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын мараппатау рәсімі өтті. Әділ қазылар алқасы жабық дауыс беру нәтижесінде 12 аталым бойынша сынға түскен жобалардың үздіктері таңдалды: 

«Үздік әлеуметтік жоба» — «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Айтуға оңай» бағдарламасы;

«Үздік ақпараттық бағдарлама» — «31» телеарнасы, «Информбюро» жаңалықтары;

«Үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама» — «Қазақстан-Атырау» телеарнасы, «Адасқандар» бағдарламасы;

«Үздік аймақтық әлеуметтік бағдарлама» — «Рика ТВ» телеарнасы (Ақтөбе қаласы), «Город сегодня» бағдарламасы;

«Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама» — «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Аpta.kz» бағдарламасы;

«Үздік музыкалық бағдарлама» — «ТV Key» ЖШС, «Музыкальный Перформанс»;

«Үздік әзіл-сықақ бағдарламасы» — «Балапан» телеарнасы, «Күлегеш» бағдарламасы;

«Үздік деректі кино» — «Хабар» телеарнасы», «Тайны и судьбы великих казахов» деректі фильмі;

«Үздік ток-шоу» — «КТК» телеарнасы, «Наша правда» ток-шоуы;

«Үздік телевизиялық телехикая» — «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Әке» телехикаясы;

«Телевизиялық маусымның ең үздік оқиғасы» — «Атамекен» business channel телеарнасының ашылуы;

«Телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін» — қоғам қайраткері, жазушы, журналист Сұлтан Оразалы;

comments powered by HyperComments