Н.Назарбаев: Бір рет сатқындық жасаған адам тағы да сатады

342 рет оқылды
0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесуінде осы аптадағы ауыс-түйістерге қатысты пікірін білдіріп, сенімін ақтамаған шенеуніктер туралы сөз қозғады. 

 «Кулагин зейнет жасына келдім, барлық жерде жұмыс істедім деп рахметін айтты. Содан соң ауыстырдым. Маңғыстау облысының әкімі вице-министрлік қызметке өзі сұранды. Қарағанды облысына өз жерінің тумасын қойдық», — деді елбасы.

Мұнымен қоса, Елбасы сенім артқан шенеуніктердің жемқорлықпен ұсталғанына қиналатынын да жасырған жоқ.

«Өсіріп, үйретіп, сенім артқан мамандарың кейін быт-шыт болып жемқорлықпен ұсталғанда қиналасың. Мен біреуді орнынан алып тастау үшін тағайындамаймын ғой. Ол еңбек етіп, халыққа қызмет етеді деп үміттенемін. Қазір үкіметте 70-жылдары туылған, тепсе темір үзетін жігіттер отыр  «, — деді елбасы.

Президент Мұхтар Әблязовқа қатысты да өз ойын айтты.

«Әблязовты да жас кезінде министр етіп қойдым. Сенімнен шықпады. Мен бір сатқан адамға қайтадан сенбеймін. Ондай адам тағы да сатады», — деді президент.

comments powered by HyperComments