Республикалық бюджеттің 46 пайызы Ұлттық қордан бөлінеді

208 рет оқылды
0

Қазақстанда республикалық бюджет кiрiсiнiң 46 пайызы Ұлттық қордан бөлiнетiн трансфертті құрайды. Бұл бюджеттiң мұнайдан түсетiн түсiмдерге айтарлықтай тәуелдi екендiгiн көрсетедi.

Бұл туралы бүгін  ҚР Парламентi Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттiк тыңдау барысында айтты. Сенат төрағасының айтуынша, бюджеттiң мұнай бағасына тәуелдiлiгiн төмендетіп, бюджет шығыстарының тиiмдiлiгiн арттыруға басымдық беру керек. Сонымен қатар  салықтық әкiмшiлендiрудi жақсартқан жөн.

«Қаржыны маңызды салаларға ғана бөлу қажет, яғни шығыстарды бiршама азайту керек. Имидждiк сипаттағы шығыны көп жобаларға қаржы бөлудi тоқтатуды да қарастыран жөн. Себебi, кейiнгi жылдары бюджеттiң түсiмiнен гөрi шығысы жоғары қарқынмен артып келедi», деді Тоқаев. Сонымен қатар ол Ұлттық компаниялар түсiм әкелудiң орнына тұтыну жағын арттыруға бейiм екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, бюджеттiк үдерiс қаражатты барынша үнемдеу көзқарасымен жүргiзiлiп, барлық шешiмдер ұзақ мерзiмге арналған мүдделердiң тұрғысынан экономикалық прагматизмге негiзделе отырып қабылдануы тиiс. Үкiмет бөлiнген қаражаттың игерiлмей қалуына жол бермеу мақсатында елеулi жұмыс жүргiзуi керек. Бюджеттiң тапшылығы ахуалында қаражаттың тұрақты түрде игерiлмеуi жағдайларына мүлдем жол берiлмеуi қажет. Бiздiң алдымызда бюджеттi жоспарлау үдерiсiн арттыру жөнiндегi нақты шараларды тоқтатпай, жалғастыру мiндетi тұр», — дедi Тоқаев.

comments powered by HyperComments