Бразилия халқы ереуілге шықты

166 рет оқылды
0

Бразилияда зейнетақы төлеу жүйесіне енгізілген реформаға қарсы жаппай ереуіл өтті, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Бразилия президенті Мишель Темер ұсынған зейнетақы төлеу жүйесіне енгізілген өзгеріске наразы топ Қаржы министрлігінің алдына жиылған. Ал Рио-де-Жанейро жұрты полициямен қақтығысты. Оларды тарқату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданған.

«Бразилия халқының фронты» деп аталатын қоғамдық қозғалыс мамандарының айтуынша, ел аумағында наразылық шарасына миллионнан астам адам қатысқан.

Сан-Паулу мен Рио-де-Жанейродағы қоғамдық көлік қызметкерлері де біркүндік ереуілге шыққан. Салдарынан қалаларда ұзын-сонар кептеліс туындаған. Кей шаһарларда ереуілге мұғалімдер де шығып кеткендіктен, сабақтар тоқтап қалды.

comments powered by HyperComments