Мексика мен АҚШ шекарасына дуал тұрғызу үшін Трамп 4 млрд доллар бөлмек

270 рет оқылды
0

АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикамен арадағы шекараға дуал тұрғызу үшін алдағы екі жылда 4 млрд доллардан астам қаржы бөлмекші. Бұл қаржы Конгрестің қарауына берілген бюджет жобасында бар. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап centralasian.org хабарлады. 

Ақпан айында АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі дуал құрылысын 20 млрд долларға бағалаған. Жобаның нақты құны Трамп құрылыс сметасын ұсынғаннан кейін ғана белгілі болады. Оны мамыр айында ұсынбақ.

Трамптың сайлауалды кампанияда берген уәделерінің бастысы — жұмыс орындарын ашу және заңсыз миграцияға қарсы күрес. Қаңтар айының аяғында ол Құрама Штаттар мен Мексика арасындағы шекараға дуал тұрғызу жөніндегі жарлыққа қол қойған. Президенттің сөздерінше, құрылыс құнының жартысын Мексика үкіметі төлеуге тиіс. Кейін Трамп бұл пікірінен айныған.

comments powered by HyperComments