ЭКСПО қалашығындағы үйлер студенттердің жатақханасына айналуы мүмкін

170 рет оқылды
0

Астанада өтетін халықаралық көрме аяқталған соң ЭКСПО қалашығындағы үйлерге студенттер қоныстануы мүмкін. Сенаторлар тұрғын үй кешендерінің бір бөлігін жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қыз-жігіттерге жатақхана ретінде үлестіруді ұсынды деп хабарлайды КТК арнасы.

«Астанадағы бірнеше университеттің ұжымымен кездескен кезде оқытушылар көбіне студенттердің жатақханасына қатысты мәселені шешіп беруді сұрайды. Мәселен, қазір Еуразиялық университетте 17 мың жас білім алуда, оның небары 4651-і ғана жатақханаға орналасқан», — дейді сенат депутаты Владимир Редкокашин.

Елордадағы медициналық университетте де жағдай мәз емес. Болашақ дәрігерлерді дайындайтын оқу орнында 7 мыңға жуық студент бар. Оның жартысынан көбіне жатақханадан орын жетпей қалған.

Яғни, Астанаға арман қуып білім алуға келгендердің басым бөлігі жалдамалы пәтер жағалап жүр. Бірақ сенаторлар жастарға қанша тұрғын үй кешені қажет екенін ашып айтпады. Олар бұл мәселені шешуді премьер-министрден сұрап отыр.

comments powered by HyperComments