Кәсіпкер партиядан қолдау тапты

192 рет оқылды
0

Нұротандықтар жеке кәсібін кеңейту үшін үш жыл бойы жер ала алмай қиындық көрген кәсіпкерге көмек көрсетті. Көкөніс саудасын дөңгелетіп отырған Тұрған Есжанов дүкенін кеңейту үшін жер алғысы келген. Алайда 3 жылдан бері жер телімін ала алмапты. Оған мемлекеттік органдардың өз себептері болған.      

Кәсіпкердің айтуынша, 2015 жылы дүкеніне санэпидемстанция қызметкерлері тексеріспен келіп, СЭС-тің нормаларына сәйкес бұл дүкенде тазалық бөлмесі болуын міндеттеген. Дүкеннің көлемі онсыз да шағын болғандықтан Тұрған Ержанов жуу бөлмесін дүкеннің  артқы жағынан салмақшы болады. Қосымша жер алу үшін кәсіпкер Қостанай қалалық әкімшілігіне жүгінген. Алайда мәселе шешімін таппаған.

Қайта-қайта жазған өтініші орын­далмаған соң дүкен иесі заңгер қыз­метіне жүгініп, бірнеше сот про­цесінен кейін тағы да өтініш жа­зыпты. Онда кәсіпкер нысанды көр­сетілген жер телімінде уақытша орна­ластыруға рұқсат сұраған. Бірақ бұл өтінішіне де оң жауап алмаған.

Соңғы үмітпен Тұрсын Есжанов «Нұр Отан» партиясы Қостанай қала­лық филиалының Қоғамдық қабылдауына келіп, қалалық әкімнің орынбасары Жалғас Разаевтың алдына барған соң, мәселе оң шешімін тапты. Комиссия шешімі бойынша кәсіпкерге 2027 жылға дейін жалға жер берілді. Көрсеткен көмектері үшін кәсіпкердің нұр­отан­дықтарға деген алғысы шексіз.

«Партияға жүгінгеннен бері мә­селем ақырындап шешіліп келеді. Ақпанның соңында жерді рәсімдеу жұмыстарын бітірдім», – дейді көңілі жайланған кәсіпкер. Барлық құжаттарын реттеген кәсіпкер дүкенді кеңейту жұмыстарына кіріспек.

comments powered by HyperComments