ШҚО тұрғыны есірткіні қар астында жасырып келген

150 рет оқылды
0

Қалалық Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Восход кентінде жедел іздестіру шаралары барысында Семей қаласының екі тұрғыны ұсталған деп хабарлайды 24.kz.

Олардың бірінің үйін тінту барысында қар астында көмілген қап табылған. Қапты тінту кезінде полимер пакеттерден бөтен иісі бар шөп шыққан. Сараптама қорытындысы мұның 1 келі 613 грамм болатын кептірілген марихуана екенін анықтады. Қазір бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

 

comments powered by HyperComments