Димаш Құдайберген 8-кезеңде 5-орын алды

170 рет оқылды
0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетіп жатқан қытайлық «Singer 2017» ән байқауының сегізінші кезеңі эфирден көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Димаш қытайдың танымал әншісі және осы «Singer» байқауы үшінші маусымының жеңімпазы Хан Хунның «Таң атты» әнін шырқап, бесінші орынды иеледі.

Бұл орайда оның сегізінші кезең қарсаңында Қазақстанға сапармен келіп кетіп, дайындыққа, демалысқа тиісті уақыт бөле алмағанын, оның үстіне тұмауратып, тамағы қарлығып қалғанын ескерген жөн. Дегенмен, отандасымыз сәтті өнер көрсетіп, төртінші айналымның (жетінші және сегізінші кезең) қортындысы бойынша бесінші болып келесі кезеңге өтті.

Төртінші айналымның қортындысы (жетінші және сегізінші кезең):

  1. Ли Цзянь
  2. Sandy
  3. Линь Чжисюань
  4. Lion тобы
  5. Димаш Құдайберген
  6. Чжан Цзе
  7. Чжан Бэичен
comments powered by HyperComments