ШҚО-да жоғалған тікұшақ табылды

379 рет оқылды
0

Шығыс Қазақстан облысында жоғалған тікұшақ Аягөз қаласынан 60 шақырым жерден табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

«Алматы облысынан ұшып шыққан МИ-2 тікұшағының құлаған жері белгілі болды. Куәгерлер тікұшақтың Айғыздың үстінен ұшқанын көрген. «Қазаэронавигация» мәліметінше, жоғалған ұшақ Аягөз қаласынан 60 шақырым жерден табылған. Олардың айтуынша, ұшқыш қайтыс болған. Бір жолаушы тірі, қазіргі уақытта оны Айғыз ауылындағы ауруханаға жеткізген. Тағы бір адам туралы мәлімет анықталып жатыр», — деді Иманқұлов.

Құтқарушылар апат болған жерге жолмен бара жатыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдардың жабық болуынан көлік қозғалысы қиындаған.

Еске салайық, жеке меншіктегі С-341 тікұшағы кеше Үржар ауданындағы Қожа ауылынан ұшып шығып, Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылына қонуы керек болған. Куәгерлер тікұшақтың Айғыздың үстінен ұшқанын көрген. Алайда жетер жеріне жетпеген. 25 ақпанда сағат 18.30-да пилот байланысқа шықпаған. Тікұшақтың жоғалған аумағы деп Айғыз бен Ақшатау ауылдарының арасындағы 100 шақырым жер аталып отыр.

ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында және Аягөз ауданында жедел штаб құрылған.

Іздестіруге ШҚО ТЖД және аудандық ІІБ-нің 29 адамы жұмылған, 4 дана техника тартылған. Жергіліктік атқару органының жеке құрамының 10 адамы мен 5 дана техника тартылды.

Жоғалып кеткен тікұшақтың бортында үш адам болған.ШҚО ТЖД мәліметінше, ұшақ бортында П. Устинов және жолаушы А. Ақбаев болған.  «Ұшқыш қаза тапқан. Жолаушы ауылға жеткізілді», — деп хабарлады ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

comments powered by HyperComments