Африкада 1 млн 400 мың бала аштықтан қырылуы мүмкін

351 рет оқылды
0

Нигерия, Сомали, Оңтүстік Судан және Йемен елдерінде шамамен 1 миллион 400 мың бала аштан қырылуы мүмкін. БҰҰ ЮНИСЕФ қорының дерегіне сүйенсек, аталмыш елдерде бүгінде  20 миллионның ішер асы жоқ. 

Аштықтан бұратылып өлудің аз-ақ алдында тұрған балалар саны қызылша, безгек, тырысқақ сынды дертке шалдығып, мерт болғандар санынан тоғыз есеге көп. Оның үстіне қаза тауып жатқандар – ешқандай індет жұқтырмаған, дені сау балалар.

Мұндағы жағдайдың ушығуына елдегі этникалық топтардың бір-бірімен соғысуы себеп. Осыған байланысты ЮНИСЕФ қоры халықаралық ұйымдарды ашыққан жандарға гуманитарлық көмек беруге шақырды. Оған қоса мұндағы қордаланған кикілжіңді саяси жолмен шешуге шақырды.

Марикси Меркадо, UNICEF қорының өкілі:

— Аймақтағы жағдайдың ушығуына соғыс әсер етті. Ересектер бір-бірімен ерегесіп, түрлі жаманшылыққа барғандықтан, бейкүнә балалар қаза тауып жатыр. Дамыған заманда мұндай жағдайға жол берілмеуіміз керек.

 

comments powered by HyperComments