Е.Сағадиев оқушы сөмкесін жеңілдетудің жолын ұсынды

547 рет оқылды
0

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқушы арқасына салмақ түсіретін ауыр сөмкелерді жеңілдетудің жолын ұсынды. Министрлік Қазақстан мектептерінің барлығына оқушылардың құрал-жабдықтарына арналған сөре орнатуды  міндеттемек. Бұл жөнінде ведомство басшысы Үкімет отырысында мәлім етті. 

«Біріншіден, әрбір мектеп оқушысы кітап, аяқ киім және спорттық киімдерін сақтауға арналған жеке сөремен қамтамасыз етілетін болады. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Бұл жобаны біз мектеп директорларымен, СЭС мамандарымен және өрт сөндірушілермен ұзақ талқыладық. Аталған жоба бірқатар проблеманы шешеді, соның ішінде оқушы рюкзагын жеңілдетуге көмектеседі», — деді Сағадиев министрлер кабинетінде өтіп жатқан жиын барысында.

Министр 2017 жылдан бастап жергілікті атқарушы биліктің есебінен мектептердің барлығында бастауыш сынып оқушыларына арналған сөрелер пайда болатынын жеткізді.

comments powered by HyperComments