Оқушысын соққыға жыққан мұғалім бес жылға сотталды

389 рет оқылды
0

Кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған Орал қалалық соты Батыс Қазақстан облысы, Қазтал ауданы Қараоба ауылындағы гимназияның бастапқы әскерге дайындау пәнінің мұғалімі Айдос Ғабдолкәрімовті бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Оның қорғаушылары апелляциялық шағым түсірмек.

2016 жылдың қазан айында Айдос Ғабдолкәрімов тоғызыншы сынып оқушысы Еділ Мақсатовты футбол ойыны кезінде соққыға жыққан. Жасөспірім алған жарақатынан облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. Мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Жанжалдың шығуына оқушының гимназияның тарих пәнінен беретін мұғалімі Рауан Хадешовпен ерегісіп қалғаны себеп болған екен. Сот материалына сәйкес, тарих мұғалімі сол кезде мас болған. Оқушы оны балағаттаған. Әскери пәннен беретін мұғалім әріптесіне жақтасқан.

Оқушының ата-аналары сотталған мұғалімге талап-арызымыз жоқ дейді. Сотталушы моральдық және материалдық шығынды өтеген екен.

comments powered by HyperComments