Ең қымбат футболшы Месси де, Роналду да емес

468 рет оқылды
0

Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы (CIES) құрған трансферлік құны жоғары футболшылар тізімінде «Барселонаның» бразилиялық шабуылшысы Неймар көш бастады, деп хабарлайды РИА Новости.

CIES деректері бойынша, «Барселона» шабуылшысының құны 246,8 миллион еуроға жетеді. Бұл осы тізімде екінші орынға тұрақтаған Лионель Мессиге белгіленген бағадан 75 миллион еуроға қымбат. Тізім авторлары үшінші орынға «Манчестердің» жартылай қорғаушысы Поль Погбаны (155,3 миллион еуро) лайық деп тапты. Мадридтік «Реалдың» форварды, «Алтын доп» иегері Криштиану Роналдуге авторлар 7 орын берген, оның трансферлік құны 126,5 миллион еуро.

CIES хабарлауынша, олардың трансферлік құнды есептеу әдісі ойыншының нақты құнын есептеп шығаруға мүмкіндік береді. Статистикалық модель алаңда өткен уақытты, соғылған голдарды, футболшының жасы мен оның келісім-шарты және сатып алушылар тарапынан қызығушылықты ескереді.

 

comments powered by HyperComments