Тайландқа тасқын қаупі төніп тұр

794 рет оқылды
0
Таиландтың оңтүстік өңірлерінің тұрғындары жаңа су тасқынына дайын болуы тиіс.
Жергілікті билік осындай ескерту жасап отыр. Синоптиктердің топшылауынша, осы аптада нөсер жауады. Соның салдарынан туристер арасында танымал Пхукет және Краби провинциялары қатты жапа шегуі мүмкін.
Айта кеткен жөн, қаңтардың басынан жауған нөсер салдарынан Таиландтың оңтүстік өңірі су астында қалды. Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апаттан 41 адам ажал құшып, тағы 2 тұрғын ізім-ғайым жоғалып кеткен. Топан судан келтірілген материалдық шығын 600 млн долларға бағаланып отыр.

comments powered by HyperComments