Биыл ел экономикасы 2,2 пайызға өсуі мүмкін

986 рет оқылды
0

 Дүниежүзілік банк сарапшыларының болжамына сенсек,  Қазақстан экономикасы 2017 жылы  2,2 пайызға өседі. Болжам бойынша, көршілес мемлекеттермен салыстырғанда еліміздің экономикалық көрсеткіші айтарлықтай ілгері, – деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Мәселен, көршілес Ресей Федерациясы тек 1,5 пайызға, Әзірбайжан 1,2 пайызға, ал Украина экономикасы 2 пайызға артуы мүмкін.  Сала мамандардың пікірінше, әлемдік экономиканың даму қарқыны 2,7 пайызға көтерілуі тиіс. Дамыған елдерде экономикалық өсім 1,8 пайызды құрайды. Сондай-ақ дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, ірі экономикалық державалардың бір-біріне деген саяси көзқарасы нақтыланбайынша, ішкі нарығы дамымаған елдерде инвестициялық белсенділік төмендей бермек.

comments powered by HyperComments