Данияр Елеусінов кәсіби боксқа кетті

818 рет оқылды
0

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты деп хабарлады vesti.kz-ке сілтеме жасап Егемен Қазақстан басылымы хабарлады.

Боксшы жақында ғана құрылған MJA Entertainment’s промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырды. Келісімнің анық-қанығы әзірге жарияланған жоқ.

Естеріңізде болса, бұған дейін Елеусіновтің, сондай-ақ Олимпиада жүлдегері Иван Дычконың кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін екендігі хабарланған. Екі спортшы да қазіргі уақытта өтіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығу жиынына қатысқан жоқ.

comments powered by HyperComments