Қырғызстан мамыр айында сандық телеарнаға толығымен өтеді

/  287 рет оқылды
0

Қырғызстан биылғы жылдың 15 мамырынан бастап тұтастай сандық телерадио хабар таратуға өтеді. Бұл жөнінде мәдениет, ақпарат және туризм вице-министрі Айнұр Темирбекова мәлімдеді.

Оның сөздерінше, сандық телерадио хабар тарату 95 пайыз елді-мекенде қамтамасыз етілген. Сандық телеарнаға өткеннен кейін барлық аймақтың тұрғындарына 13 телеканал қосылып, көрсетіледі. Бұл үкімет тарапынан мақұлданған.

Ақпараттық технология және байланыс мемлекеттік комитетінің басшысы Бакыт Шаршембиев таулы аймақтағы тұрғындарға да сандық телеарна қамтамасыз етілу үшін жергілікті билік автоматтандырылған спутник ретрансляторлар қондырылып жатыр деп мәлімдеді.

Бұл жобаға үкімет 100 миллион сом бөлген. Қаражат құрал-жабдық сатып алуға және телевизиялық контенттерді жинауға жұмсалады.

2016 жылдың маусым айынан бері республика сандық телеарнаға өтіп жатыр.

comments powered by HyperComments